ЭДД

Құжаттарды электрондық түрде жеткізу (ҚЭЖ) – бұл сайт арқылы тапсырыс беру және құжаттың көшірмесін баспа түрінде алу мүмкіндігі (журнал мен газеттен мақалалар, кітаптан үзінді) Шарбақты ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ кітапхана қорларынан

Тапсырыс үшін қол жетімді болуы мүмкін:

көлемі 10 беттен аспайтын журнал мақаласының үзіндісі;

газет мақаласының фрагменті;

көлемі 10 беттен аспайтын кітаптардан үзінділер;

Тапсырысты орындау мерзімі

ҚЭЖ-ге тапсырыстар кітапхананың жұмыс күндері қабылданады және қажетті құжаттың қайда орналасқанына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде орындалады.

ҚЭЖ технологиясы

құжаттың көшірмесіне тапсырыс алу;

тапсырысты өңдеу;

құжаттың көшірмесін дайындау;

электрондық пошта арқылы құжаттың көшірмесін жеткізу

Бірнеше сағат ішінде, егер бұл жұмыс күні және жұмыс уақыты болса, сіз тапсырысты қабылдау, қабылдамау немесе нақтылау туралы ақпарат, сондай-ақ тапсырысты орындау мерзімдері мен ерекшеліктері туралы ақпараты бар сұрау салуға жауап аласыз.

Егер Сіз тапсырысты орындау мерзіміне көңіліңіз толмаса және Сіз одан бас тартқыңыз келсе, бұл туралы міндетті түрде хабарлаңыз.

Тапсырыс берілген құжатты қалай алуға болады

Тапсырыс берілген құжаттың электрондық көшірмесі электрондық пошта арқылы жіберіледі. Көшірмелер компьютерден оқу үшін беріледі немесе тапсырыс берушіге қағазға басып шығару түрінде беріледі.

ҚЭЖ  қызметін орындаудан бас тарту үшін негіздеме:

Кітапхана қорында құжаттың болмауы.

Тапсырыстың ҚЭЖ туралы ережеге сәйкес келмеуі.

Назар аударыңыз!

Алынған басылымдардың электрондық көшірмелерін ғылыми, мәдени және білім беру мақсаттары үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Алынған көшiрмелердi көбейтуге, оларды заңмен рұқсат етiлгеннен басқа (электрондық құжатты бiр рет басып шығару) кез келген өзге нысанда жаңғыртуға, алынған көшiрмелердi кез келген негiзде басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға беруге тыйым салынады.

Электрондық құжаттарды жеткізу қызметтеріне төмендегі сілтеме арқылы тапсырыс бере аласыз:

Тел.:8 (718-36) -2-26-82

e-mail: cbs.shcherbakty1@yandex.kz

Байланысу үшін: Голубничая Ольга Анатольевна, ОКЖ библиографы