
Кәсіпке жол немесе мамандық іздеу
5 ақпан күні кітапханада ЖБМ ГК 9 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпке жол немесе мамандық іздеу» кәсіптік бағдарлау сұхбаты өтті. Іс-шара мамандық таңдауға арналды, өйткені биыл мектеп бітіруші балалар үшін бұл өте маңызды және күрделі мәселе.
2025 жылы Президент Қ.К.Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған бұл тақырып аса өзекті.
Кітапханашы А.И. Зеленская кездесу тақырыбын анықтау үшін балаларға кроссворд ашуды ұсынды.
Негізгі сөз, әрине, «кәсіп» болды. Аға буыннан балаларды Л.И. Сидоренко қарсы алды, ол оларға мамандық таңдау бойынша нұсқаулар мен дана кеңестер берді.
Библиограф О.А. Голубничая балаларды Павлодар колледждерімен таныстырып, онда алуға болатын мамандықтар туралы әңгімеледі.
Іс-шара соңында балаларға өз армандарын — қайда оқуға түскісі келетінін және қандай мамандық алғысы келетінін жазу ұсынылды. Осы армандардың бәрі кітапханада сақталатын банкаға салынды. Болашақта түлектердің кездесуінде балалар өздерінің армандарын еске алып, олардың орындалғанын көре алады. Бұл кездесу балаларға кәсіби жолын таңдауға алғашқы қадам жасауға көмектесті деп үміттенеміз!

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
13 ақпан күні біздің кітапханада Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған ауған жауынгерлерімен кездесу өтті. Қонақтар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды, онда Ауған соғысы туралы кітаптар ғана емес, сонымен қатар осы қақтығысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мақалалар ұсынылды.
Бұл көрме Ауған соғысынан өткендерге, қиын жағдайда Отан алдындағы борышын өтегендерге құрметтің белгісі. Біз барлық ниет білдірушілерді кітапханамызға келуге және ұсынылған материалдармен танысуға шақырамыз.

Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпанда Халықаралық кітап сыйға тарту күні атап өтіледі, ол балаларға кітап сыйлап, оқуға деген сүйіспеншілікті оятатындардың барлығын біріктіреді. Бүгін бұл күні бірінші кезекте балаларға кітап тарту ету дәстүрге айналды. Алайда, тек балалар ғана емес, көптеген ересектер кітап оқуды ұнатады материалдық және рухани құндылық ретінде бағалайды, автордың оқырманға берген сезімдері мен эмоцияларын бағалайды. Балалар, өз кезегінде, жақсылықты, достықты, өзара көмекті, жақындарына деген сүйіспеншілікті, жанашырлық сезімін және балаға адам болуға көмектесетін көптеген нәрселерді үйренеді. Акция аясында аудандық мәслихат төрайымы Г.Смайылханова мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.Тлеубердинова «Балаларды қолдау орталығы» КММ-де болып, тәрбиешілермен бірге кітаптардың құндылығы туралы әңгімелесті.

Ашық дискуссия
14 қаңтарда кітапханамызда «Ардагер» клубының белсенділері «Жаңа жылда -жаңа мақсат: мақсат қою және жету жолдары» атты ашық дискуссияға жиналды. Өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар құрдық. Сәтті іс шараларды еске түсірдік. Себебі клуб белсенділері әрбір оқиғаны есте қаларлықтай етеді. Театрланған қойылымдар мен музыкалық кездесулер дайындалады. 2025 жыл- жемісті жыл болады деген үміттеміз.

Футбол біздің барымыз
16 қаңтар күні кітапханамызда «Футбол біздің барымыз» атты «Golden time» командасымен кезесу өтті. Команда құрамында облыстық футбол турнирінде бірнеше жеңіске жеткен футболдың нағыз әуесқойлары болды. Іс шараның ашылуын команда көшбасшысы Е.А.Жусупов жүргізіп, қатысушыларға спортта сәттілік пен белсенді ұзақ өмір тіледі. Қонақтарымызға сый ретінде «Менің Қазақстаным» әнін А.Бульон орындады. Кітапханашы А. Зеленская қызықты футбол викторинасын өткізді, сондай-ақ барлық қатысушылар «он бір метрлік»атты әзіл-сықақ спектакліне қатысты.Кездесу жылы және достық атмосферада өтті, барлығында жағымды эмоциялар мен спортты жалғастыруға деген ұмтылыс қалды. Мамандар аптасына кемінде екі рет футбол ойнайтын егде жастағы адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін айтарлықтай төмендететінін атап өтті.

Батырлық ерлік ұмытылмайды
19 қаңтар күні кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында кітапханада Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға арналған «Батырлық ерлік ұмытылмайды» атты даңқ кеші өтті. Кеш барысында Ұлы Отан соғысы майдандарында соғысқан, батылдық, табандылық пен батырлық танытқан жерлес батырлардың есімдері айтылды. М.Қайырбаевтың, Қ.Исабаевтың, Ә.Молдағұлованың ерліктеріне ерекше назар аударылды, олардың есімдері біздің еліміздің тарихында мәңгілікке жазылған.

Кітап кейіпкерлері тіріледі
Қаңтар айының 30-ы күні Орталық аудандық кітапханада кітап және шығарма әуесқойларын біріктірген «Кітап кейіпкерлері тіріледі» атты жыл сайынғы кітапхана түні акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара нағыз мерекеге айналды, келген қонақтарды жанды музыка мен қызықты ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
Сиқырлы кеште кітапхананың екі қабаты да әркім өзіне ұнайтын нәрсеге тап болатын ертегі мен әдеби аймақтарға айналды.
Келген қонақтар шеберлік сағаттарына қатыса отырып, Фараон мен Клеопатрамен танысып, елес аңшыларын, қарақшылар мен Гарри Поттерді кездестіріп, сондай-ақ, «Мың бір түн» ертегі еліне саяхаттады.
Үлкендер мен балалар Маша мен аю, сиқыршы мен мыстан кемпірмен жүздесіп, Карлсон мен Фрекен Бокпен биледі.
Кештің жарқын аяқталуы – кейіпкерлердің әдеби шеруі болды.
Кітапхана түні барлық қатысушыларға кітап кейіпкерлерімен кездесуді сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.