ӨМІРБАЯН
1959 жылы 28 ақпанда Павлодар облысы Цюрупинск (Шарбақты) ауданының Богдан Хмельницкий атындағы тың совхозында дүниеге келген. Балалық шағында отбасымен бірге Ермакта, Баянауылда, Железинкада тұрған. Железинкада орта мектепті бітірді. Кеңес Армиясында қызмет еткеннен кейін, 1978 жылы 23 қазанда алдымен литкөмекші, содан кейін Железин аудандық «Ленинское знамя» (қазір «Родные просторы») газетінің редакциясында ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасты. Сонымен қатар Павлодар педагогикалық институтының филология бөлімінде, орыс тілі мен әдебиеті факультетінде сырттай оқыды. 1985 жылы институтты бітірген.
1980 жылы біраз уақыт облыстық теледидар студиясының қоғамдық-саяси редакциясының редакторы болып жұмыс істеді.
1981 жылы Шарбақты ауданына оралып, аудандық «Трибуна» газетінің редакциясында жұмыс істей бастады. Мұнда барлық сатыдан өтті — тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1988 жылы Шарбақты аудандық партия комитетінің жолдамасы бойынша Алматы жоғары партия мектебіне, журналистика факультетіне оқуға жіберілді. Мұнда мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, аудандық «Трибуна» газетіне жұмысқа оралды.
1995 жылы 22 қарашада аудан әкімінің өкімімен Жақай Нұрғалиев аудандық «Трибуна» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Бұл қызметте 13 жыл жұмыс істеді. Содан кейін, 2008 жылдың 27 шілдесінен бастап облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. Үйленген, жұбайы — Коновалова Светлана Валентиновна. Екі қызы бар — Ксения мен Людмила. Үлкен қызы Ксениядан екі жиен дүниеге келді. Екі кітаптың және бірнеше журналдық әңгімелер жинағының авторы. (өмірбаян)
01.02.18