ЖИР ЖАУҺАР

Девиз:

Поэзия — чудесная страна

Где правит рифма целым миром!

Ей власть особая дана

Нас покорять звучаньем лиры!

Она открыта тем, кто слышит

Души движенье, мысли ход,

Кто рифмами живет и дышит,

В ком жажда творчества живет…

Клуб жетекшісі – Борисова Светлана Анатольевна

Клуб миссиясы:

Клубтың қызметі осы клубтың әрбір қатысушысының мүдделерін құрметтеу, пікірінің қадір-қасиеті, пікір бостандығы, шешім қабылдаудағы алқалылық және оларды орындаудағы жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.

Клуб мақсаты:

—        Шарбақты ауданы әуесқой ақындарының эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және өзін-өзі іске асыру үшін жағдай жасау.

—        Өлең жазатын және поэзияны сүйетін адамдарды біріктіру.

—        Жаңа бастаған ақындарға поэзияға деген сүйіспеншілігін бөлісетін адамдармен қарым-қатынаста өз шығармашылықтарын бөлісуге, поэтикалық шеберліктерін дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беру.

Клуб міндеті:

—        Клуб мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттыру.

—        Қызығушылықтары бойынша қарым-қатынас жасау және бос уақытты өткізу.

—        Ақындардың шығармашылық кештерін, олардың жинақтарының           тұсаукесерлерін ұйымдастыру.

Құрметті достар!

Клуб өз есігін поэзияны, өлеңдер мен прозаларды сүйетін адамдарға ашады.

Клубқа қатысушылар — әдеби шығармашылыққа қабілетті, әлемге поэтикалық көзқарасынан айырылмаған түрлі жастағы адамдар.

«Жыр-Жауһар» -да әңгімелесуге, еркін достық жағдайда жазғандарымен бөлісуге, тіпті жан дүниесінде жинақталғандарымен бөлісуге, өз өлеңдері туралы пікір естуге келеді.

Шарбақты тұрғындарын шақырамыз!  Тіпті өлең жазбайтындар да!

«Жыр-Жауһардағы» әрбір кездесу сізге поэзия туралы, сүйікті ақындарыңыздың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңалық тануға, қызықты және жақын адамдармен уақыт өткізуге және кәсіби емес ақындардың шығармашылығын бағалауға мүмкіндік береді.

«Жыр Жауһар» клубы сіздеді күтеді!