Ардагер

Девиз:

«Хотим мы радость жизни ощутить,

Тепло и опыт свой всем людям подарить!»

Клуб жетекшісі Вирайло Ольга Николаевна

Клуб миссиясы:

Адам қартайғанда, зейнетке шыққанда оның өмірлік мәртебесі, қоғамдағы және отбасындағы белгілі бір рөлі өзгереді. Бұл белгісіздік көбінесе егде адамдардың психологиялық жағдайына теріс әсер етеді, олар өз тәжірибелерінің, білімдерінің, еңбегінің қажетсіздігін сезінеді. Оларға қарым-қатынас, өздерінің пайдалылығы мен қатыстылығын сезіну өте қажет.

Клуб мақсаты:

Қарттарды қолдау, қоғам өміріне тарту, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсету, өз білімі мен тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру. Клуб зейнеткерлердің бос уақытын өткізу, шығармашылық қабілеттерін іске асыру, өмірлік және рухани әлеуетін арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Клуб міндеті:

—  Жылы, жайлы атмосфера жасау;

—  Ортақ мүдделері мен қызығушылықтары бар адамдарды біріктіру,

—  Мынадай бағыттар бойынша әртүрлі іс-шараларды қамтамасыз ету: мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, медицина және шығармашылық;

—  Клуб мүшелерінің шығармашылық әлеуетін пайдалану.

Құрметті зейнеткерлер!

Бос уақытыңызды мәдени және танымдық өткізудің, достарыңыз бен пікірлестеріңіз арасында, жылы ортада араласудың,   өмірлік тәжірибемен бөлісудің және жаңасын алудың тамаша мүмкіндігін жібермеңіздер!

«Ардагер» клубы сіздерді күтеді!