Жүсіпова Сайрангүл 1950 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Арбиген ауылының тумасы. Мамандығы медицина қызметкері. Шарбақты ауданының Құрметті азаматы, ардагер. Сайрангүл Ғарипполақызы «Нұр Ана әлемі» бірлестігі қоғамының мүшесі. Көптеген алғыс хаттар, мадақтама иегері, Облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған. «Ғашықпын өмірге», «Бұлқынған өзен», «Асыл Аға», «Арман аясында», ««Ана жүрегі» өлеңдер жинағының авторы. Өлеңдері мезгілді басылымдарда жарық көріп келеді. «Балдәурен» өлеңдер жинағы сәбилер мен оқушылардың сүйікті кітабына айналды . Оның 30 өлеңіне сазгер, мемлекет қайраткері Назымбек Дүкенбай ән шығарған. Сайрангүл Жүсіпова қазір еңбек демалысында, Павлодар қаласында тұрады. 2 бала тәрбиелеген, 5 немересі бар. Балалары ел азаматтары, немерелерінің алды қызметкер, кейінгілері сәбилер.