Жұмабаев Ермек Жиеншіұлы

1949 жылы 29 шілдеде Павлодар облысы Шалдай ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Павлодар облысындағы сегіз жылдық мектептің мұғалімі болып бастады. Аудандық прокуратураның тергеушісі, облыстық прокуратураның аға тергеушісі, прокурордың орынбасары және Павлодар облысы аудандарының прокуроры болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері.

1995 жылғы желтоқсаннан бастап Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 1999 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы желтоқсанға дейін — Сенаттың Заңнама және құқықтық нысан комитетінің төрағасы. 2005 жылғы желтоқсаннан — Сенаттың Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы. 2007 жылғы қыркүйектен бастап — Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі болып табылады; ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің; Заңдар жинағын құру жөніндегі үкіметтік комиссия; Парламентаралық Одақ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Парламентімен, Израиль Мемлекетінің Кнессетімен, Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесімен (Шура Мәжілісі), Жапония Консультанттар палатасымен ынтымақтастық топтары. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және бес медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау проблемалары бойынша бірқатар жұмыстардың авторы.