Орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі.
Өлкетану қызметі — туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, өз халқының тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеудің негізгі бағыттарының бірі.
Тарихи-өлкетану бағытындағы «Отан» клубы 1994 жылы ұйымдастырылған. Клубтың мақсаты: Балалардың бойында маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде азаматтықты, патриотизмді дамыту.
Клуб міндеті:
— Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін, мемлекеттік тілді зерделеу.
— Әдеби мұраны зерделеу.
— Қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысу.
Клубтың барлық жұмысы Қазақстан тарихын, елімізде тұратын халықтың мәдениетін зерттеуге бағытталған. Балалар Шарбақты ауданының тарихынан, Шарбақты ауданының ауылдарының пайда болу тарихынан қызықты материалдар жинады, бұл үшін жергілікті тұрғындар жасаған және Шарбақты аудандық мұрағатында, өлкетану мұражайында сақталған «Ауыл шежіресі» және басқа да құжаттар мен материал болды.
Клубта «Қазақстанның жылнамалық жерлері» саяхат сағаты, «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері» тарихқа экскурсия, «Соғыс жолдары» тақырыптық кеші, «Біздің мемлекетіміздің рәміздері» интеллектуалды-танымдық байқауы, «Біздің Қазақстан» викторинасы, «Шарбақты ауданы: көрікті жерлер» өлкетану сағаты сияқты тақырыптар бойынша отырыстар өтеді.
Іс-шараларды өткізу нысандары әртүрлі. Клубтың көптеген отырыстары ойын, танымдық нысанда өтеді, слайдтық презентациялар, бейнероликтер, іс-шараларды музыкалық сүйемелдеу, интерактивті ойындар, интерактивті сырттай кездесулер пайдаланылады. «Отан» клубының қатысушылары БӘБ-ң белсенділері болып табылады. Көптеген өлкетану бағытындағы іс-шаралар «Отан» қатысушыларымен өтеді, олар іс-шараны дайындауға (залды безендіру, конкурстарды, сахналық нөмірлерді дайындау, кітапханалық көрмелерді безендіру) қуанышпен қатысады.