Басты бет

  Құрметті пайдаланушылар!

Біз сіздерді кітапхана сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Біздің сайтта https://cbs-sharbakty.kz сіз біздің кітапхананың тарихымен, біз ұсынатын қызметтердің алуан түрлілігімен танысасыз, өзекті жаңалықтарды оқи аласыз, «Сирек қор» бөлімінен кітаптарды жүктей аласыз, Шарбақты ауданы және туған өлкесін дәріптеген адамдар туралы көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты таба аласыз.

Ақпараттық сайттың арқасында біздің кітапхана оқырманға жақындай түседі деп үміттенеміз. Қызығыңыз, оқыңыз және кітапханаға келіңіз!

Аудандық орталық кітапхана аудандағы ең маңызды рухани және мәдени орталықтардың бірі болып табылады. Ашық қолжетімділікте 100 мыңнан астам кітап, электронды ақпарат тасығыштар мен мерзімді басылымдар бар. Көркем, оқу, ғылыми-көпшілік әдебиеттер кеңінен ұсынылған. Мұнда отандық және шетелдік жазушылардың үздік шығармалары, сирек кітаптар жинағы жинақталған. Кітапханада абонемент, жайлы оқу залы, коворкинг, балалар әдебиеті бөлімі жұмыс істейді, онда оқырмандарға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Кітапхана өмірі әрқашанда оқиғаларға бай. Бұл тек кітапханада ғана емес, сонымен қатар оның қабырғасынан тыс өткізілетін қызықты танымдық бұқаралық іс-шаралар.

Сізге сайтпен  танысуды тілейміз!